«Smart және тұрақты қалалар»

27.06.2018

Көрулер: 4444

2018 жылдың 27 шілде күні әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Smart және тұрақты қалалар» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Оның жұмысына қатысқан Гонконг политехникалық университетінің (PolyU) зерттеушілері Доктор Тимоти Сим, Деррик Хо, Джунлей Ю, Джастина Янг, Кристофер Хор жиналған қауымға қалалардың тұрақты даму мәселелері (Гонконг мысалында) және табиғи апаттар қаупін басқару бойынша Гонконг тәжірибесімен таныстырды.

Гонконгтағы жетекші университет ретінде PolyU ҚазҰУ-мен бірлескен жобаларды дамыту, студенттердің академиялық ұтқырлығы, бірлескен конференциялар мен ғылыми тағылымдамалар өткізу сияқты тығыз ынтымақтастыққа дайын екендігін көрсетті. PolyU Гонконгта да, бүкіл әлемде де ғылыми-техникалық зерттеулерде өзінің көшбасшылығын көрсете отырып, 2018 жылы QS Top 50 Under 50 рейтингінде 6-орынды, Азия мемлекеттері арасында QS University рейтингінде 27-орынды, QS World University рейтингінде 95-орынды иеленді.

Бұл кездесу БҰҰ-ның тұрақты даму мақсаттары бойынша Гонконг политехникалық университеті (PolyU) ғалымдары мен Қазақстанның университет және ғылыми қоғамдастығы арасындағы ауқымды ынтымақтастыққа бастау болады.

 

Геофак