Ғылым қорымен бірлескен семинар өтеді
Көрулер: 3759
2018 жылдың 22 маусымында ҚазҰУ-да «Ғылым қоры» АҚ «Ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру туралы» ҚР Заңы ережелерін ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларын гранттық қаржыландыру ережелерін түсіндіру бойынша семинар өтеді.
Семинар жұмысына ҚазҰУ ғалымдары мен оқытушы-профессорлық құрам, сонымен бірге Алматы қаласының басқа да ЖОО мен ҒЗИ өкілдері және кәсіпкерлер қатысады. Семинарға ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларын қаржыландыруға грант алуға қызығушылық танытқан барлық адамдар шақырылады.
Өтетін орны: әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, «әл-Фараби» Ғылыми кітапханасының конференц-залы (409) басталу уақыты сағ. 10.00
Қосымша ақпарат бойынша: 221-11-63, 221-13-99