Білім беру саласындағы жемқорлықпен күрес

14.06.2018

Көрулер: 946

Алматыда «SANALY URPAQ» республикалық жобалық кеңесінің жетекшісі Қайыржан Тоқұшевтің қатысуымен Алматы қаласы бойынша мектеп және мектепке дейінгі мекемелердің басшыларымен кездесу өтті.

Шараның мақсаты «SANALY URPAQ» жобасына жан-жақты түсіндіру жұмыстарын жүргізумен қатар аталмыш тақырып бойынша мәселелер мен шешу жолдарын талқылау. Айта кету керек «SANALY URPAQ» жобалық кеңсесі әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанынан осы жылдың көктемінде Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен ашылған. Білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тетіктерін енгізу туралы үш жақты келісімге Агенттік төрағасы Алик Шпекбаев, Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры Ғалым Мұтанов қол қойған болатын.

Кездесу барысында «SANALY URPAQ» жобасының бағыттарына тоқталған Қайыржан Тоқұшев Білім беру саласындағы академиялық әділетсіздік пен сыбайлас жемқорлық біздің бүгінімізге ғана емес болашағымызға, яғни өскелең ұрпақтың санасы мен тәрбиесіне де кері әсер ететінін ерекше атап өтті. «Әрбір мектепте «SANALY URPAQ» жобасына жауапты жетекшілерді тағайындау керек. Және де әдістемелік кітапшаның үлгісін ұсынып отырмыз алдағы уақытта кітпашаға өздеріңізді толғандырған мәселелер мен шешу жолдарын ұсынсаңыздар болады.  Және алдағы уақытта еліміздің барлық ЖОО-ларында  «SANALY URPAQ» клубы ашылып тығыз қарым-қатынаста жұмыс жасаймыз деген үміттеміз".- деді жоба жетекшісі  Қайыржан Тоқұшев.

Жалпы "SANALY URPAQ" жобасы бес бағыт бойынша жүзеге асырылады. Атап айтар болсақ біріншіден, білім беру саласында жұмыс істейтін адамдардың барлық санаттарының сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін арттыру Бәріне үлгі бола алатын әдепті, сатылмайтын, зиялы, ақылды, өмірлік ұстанымы бар мұғалімдердің мәртебесін көтеру қажет.

Екіншіден, білім беру ұйымдарының ашықтығы мен айқындығын арттыру, Бүгінгі таңда пилоттық білім беру ұйымдары анықталды. Олардың негізінде сыбай­лас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл механизмдері, шешімдер қабылдау процедуралары стандарттары мен ережелері және лицензиялау рәсімдерін енгізу әзірленіп, сынақтан өткізіледі.

Үшіншіден, білім ұйымдары ака­демиялық адалдықтың элементі бо­латындай оқушылар мен студент­тердің академиялық мәдениетін арт­тыруға мүддесін ынталандыратын жағдай құру. Нақтырақ айтқанда, академиялық адалдықты қамтамасыз ету және сыбайлас жемқорлыққа қарсы меха­низмдерді енгізу бойынша ЖОО мен мектептердің тәуелсіз рейтингілерін құру ұсынылады. Бұл өз кезегінде білім беру мекемелерінің сыбайлас жемқор­лыққа қарсы үрдістерді, білім алушылар мен оқытушылық құрамның академия­лық этиканы көтеру бойынша шара­ларды қалыптастыру мен институт­тандыруда ықпалды құрал болуға тиіс.

Төртінші бағыт қолданыстағы заңнамалар мен заң жобаларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы сарапта­ма жүргізеді. Жемқорлық тәуекелдерін бағалау, олардың таралу деңгейі нормативтік құқықтық актілердегі кемшіліктерді анықтауға және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл процесінде құқық қор­ғау тәжірибесін жетілдіруге бағытталған шараларды әзірлеуге көмектеседі.

Бесінші бағыт – жобаны іске асы­рудағы ақпараттық қолдау. Сыбайлас жемқорлық көріністеріне жалпы кедергі жасауда қоғамды біріктіруге қолданыстағы ақпараттық өрісін дамыту. БАҚ пен әлеуметтік желідегі ақпараттармен бөлісіу белсенділігін арттыру. Мақсат жобаны жүзеге асыру мерзімінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мем­лекеттік саясатты қолдайтын және сыбайлас жемқорлыққа жол бермейтін адамдардың үлесі артады.

 

 

Баспасөз қызметі