ҚазҰУ ұжымы губернатормен кездесті

01.06.2018

Көрулер: 3363

ҚазҰУ ректоры Кореяның Кенсанбук-до провинциясының губернаторы Ким Кван Ен бастаған делегация құрамымен кездесті.

Кездесуді ашқан ректор Ғалым Мұтанов «Корея Республикасы Қазақстанның стратегиялық әріптесі және оның даму қарқыны тереңдеу деңгейіне көтерілді. Бүгінде университет Кореяның көптеген ЖОО тығыз байланыс орнатып, ҚазҰУ мен корей университеттері арасындағы ынтымақтастық саласы күннен-күнге артуда. Атап айтар болсақ, халықаралық білім беру бағдарламалары, студент алмасу, оқытушы-профессорлар құрамының біліктілігін арттыру магистранттар мен докторанттардың тағылымдамадан өтуі сынды көптеген бағыттар тұрақты негізде ұйымдастырылып келеді», - деді ректор.

Өз кезегінде сөз алған губернатор Ким Кван Ен Ұлы Жібек жолы бойындағы мемлекеттер достастығы туралы айтып, Шығыс пен Батыс өркениетін тоғыстыратын, мәдениет және дипломатиялық қарым-қатынас орнататын Ұлы Жібек жолы бойындағы мемлекеттердің ынтымақтастығын және тұрақты дамуын ілгерлету жайына кеңінен тоқталып, ҚазҰУ басшылығының жылы шырай танытып қабылдағанына шынайы алғыс білдірді.

Шара аясында Кенсанбук-до провинциясының губернаторы Ким Кван Енға ғылыми кеңестің шешімімен ҚазҰУ-дың Құрметті докторы атағы берілді.

Баспасөз қызметі