ҚазҰУ Әзірбайжандағы көрмеде

24.05.2018

Көрулер: 3496

ҚазҰУ Әзірбайжандағы көрмеде 

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Баку қаласындағы (Әзірбайжан) «Халықаралық білім» көрмесіне қатысты. Қазақстанның жетекші университеті өзінің жетістіктерін, білім беру бағдарламалары мен кең ауқымды қызметтерін ұсынды. ҚазҰУ павильоны халықаралық көрменің қонақтары мен қатысушылары тарапынан үлкен қызығушылық пен сұранысқа ие болды.

ҚазҰУ-дың коммерциализация жөніндегі проректоры Мехмет Арслан Әзірбайжанға сапары барысында Баку мектептерінде университеттің білім беру бағдарламаларын таныстырды, сондай-ақ шетелдік білім беру бағдарламалары және шетелдік студенттердің рекрутингімен айналысатын компаниялардың өкілдерімен бірқатар келіссөздер жүргізді.

Бакуде өткізілетін білім көрмесі жоғары білім мен ғылымның ірі алаңдарының бірі болып табылады, оның мақсаты мемлекетте шетелде білім алу мүмкіндіктерін танымал ету. Жыл сайынғы іс-шараға Түркия, Испания, АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Италия, Германия, Қытай, Қазақстан, Сингапур, Кипр, Швейцария, Ресей және басқа елдердің жетекші университеттері мен тілдік мектептері қатысты.