Университет мұражайын қайта жаңғырту

21.05.2018

Көрулер: 2029

ҚазҰУ ректоры Ғалым Мұтанов Оңтүстік Корея елінің "PN"дизайнерлік АҚ жобалау – компаниясының өкілдерімен кездесті.

Аталмыш делегация құрамында «PN» дизайнерлік компаниясының президенті Джон Ганг Сон мен президент көмекшісі Ом Хек және басқарушы директор Югай Констатин болды.

Кездесу барысында ҚазҰУ ректоры арнайы уақыт бөліп келген «PN» дизайнерлік компаниясына алғысын білдіре отырып. «Біз заманауи университет ретінде инфраструктурамыздың  дамуын белсенді түрде қолдап келеміз. Осы орайда меморалдық кешендер мен ескі ғимараттарымызды қайта жаңғырту үрдісінен өткізіп, замануи IT- технопарк салуды да мақсат етіп отырмыз. «PN» компаниясы Оңтүстік Кореядағы көшбасшы компаниялардың бірі, алдағы уақытта жемісті нәтижелерге қол жеткізетінімізге сенеміз-, деді Ғалым Мұтанов.

Өз кезегінде «PN» дизайнерлік компаниясының президенті Джон Ганг Сон «Ғалым Мұтанов сізді елімізде сыйлы тұлға ретінде таниды сонымен қатар Оңтүстік Корея президентінің «Құрмет медалімен» марапатталғаныңызды да білеміз. Осы орайда екі ел достығының дамуына қосып келе жатқан еңбегіңіз үшін алғасымызды айтамыз. Университет мұражайы мен бір қатар ғимараттарды модернизациялау жобасында бізге артқан сеніміңізді ақтауға тырысатын боламыз деді»,-деді.

Сонымен қатар тараптар мұражайдың қайта жаңғырту процессі университетің мерейтойына дейін үлгерту керектігі мен қайта модернизациялау жобасына кіретін үш басты бөлім туралы талқылады. Атап айтар болсақ ҚХР-ның ұсынып отырған «суперкомпьютерімен» жабдықталатын IT-технопарк, жалпы пайдалануға берілетін "Индустрия 4.0" аумағы мен 14000 шаршы мертді қамтитын көрме аумағы.

Кездесу соңында тараптар аталмыш жобаға байланысты Ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойып, делегация өкілдері ҚазҰУ орталықтарын аралады.

 

Баспасөз қызметі