ҚазҰУ студенттері II орынды жеңіп алды

21.05.2018

Көрулер: 3381

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің «5B072000 - Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығының студенттері ҚР БҒМ Республикалық пәндік олимпиадасында II орын жеңіп алды.

Олимпиадаға ҚазҰУ-дың химия және химиялық технология факультеті БЗХТ мамандығының студенттер командасы - Бекназаров Канат, Ергешев Аким, және Жұмабай Нұрсая профессор Х.С.Тасибековтің жетекшілігімен қатысты. Сондай-ақ олимпиадаға ҚазҰУ-дың 14 командасы, Е.А.Букетова ат.ҚарМУ, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті, М.Х.Дулати ат.ТарМУ, М.О.Әуезов ат. ОҚМУ және т.б. университет командалары да қатысып, конкурс екі кезеңнен тұрды. Бірінші мамандығы бойынша пәндердің білімдерін тестілеу, екінші - ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды қорғау. Жарыстың нәтижесі бойынша командалық жарыста ҚазҰУ-дың студенттер командасы ІІ орын алды.

 

Аналитикалық, коллоидтық имия және стрек элементтер технологиясы кафедрасы