«Кітап оқу - трендте»

18.05.2018

Көрулер: 3126

Филология және әлем тілдері факультетінде «100 кітап» бағдарламасы аясында «Кітап оқу - трендте» тақырыбында "Bookcrossing" ұйымдастырылды.

Аталған іс-шарада кафедра меңгерушісі Мадиева Гүлмира Баянжанқызы, Ибраева Жанар Құлматқызы студенттерге қажет түрлі жанрдағы кітаптарды тегін үлестірді. Бұл игі іс ізденушілердің кітап оқуға деген ынтасын арттырып қана қоймай, кітаптың мақсаты – сөреде сақталмай өз оқырманын табуы керек деген түсінікті қалыптастырып өзгелерге ой сала білді. Буккроссинг алдында Жанар Құлматқызы әлемде орын алған түрлі тәжірибелерді келтіре отырып, қазіргі таңдағы кітап оқу маңыздылығын студенттермен бірге талқылады. Буккроссингке университеттің өзге де факультеттерінің студенттері белсене қатысып, тарих, археология және этнология факультетінің студенттері кітап оқу жайында түрлі қызықты мәліметтер жинап, афоризмдермен таныстырды.

Жалпы тіл білімі және еуропа тілдері