RUDN Top Student Mobility арнайы стипендияларын әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттері ұтып алды

01.05.2018

Көрулер: 2861

 

RUDN Top Student Mobility арнайы стипендияларын әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттері ұтып алды

Əл-Фараби атындағы ҚазҰУ серіктесі - Ресей Халықтар достастығы университеті. РХДУ RUDN Top Student Mobility арнайы шəкіртақысын тағайындады. Комиссия  мүшелері конкурсқа құжат қабылдау және үміткерлерді іріктеу жұмысын 26-28.04.2018 аралығында өткізді. Əлемнің түпкір-түпкіріндегі университеттерден студенттер шəкіртақы алуға өтініштерін өткізген болатын. Конкурс комиссиясының шешімімен 20 үздік өтініш шəкіртақы берілуге ұсынылды. 20 шəкіртақының алтауы əл-Фараби атындағы ҚазҰУ ЭБЖМ факультетінің студенттері жеңіп алды. RUDN Top Student Mobility арнайы шəкірт ақысына ие болған конкурс жеңімпаздарына жан басына 41500 рубль көлемінде бір реттік төлем шəкіртақысы берілді. Тыныбекова Айгерімді, Сансызбаева Аиданы, Жусупгазина Роминаны, Қуанышева Мадинаны, Мұхаділ Жадыраны, Батыр Айманды құттықтаймыз!

«Менеджмент және маркетинг» кафедрасы