Clarivate Analytics Жаңа мүмкіндіктерге жол ашады

17.05.2018

Көрулер: 3414

ҚазҰУ ректоры Ғалым Мұтанов «Clarivate Analytics» компаниясының Ресей және ТМД мемлекеттері бойынша басқарушы директоры Олег Уткинмен кездесті. Кездесу барысында О.Уткин Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының хабаршы журналының физика-математика сериясының бас редакторы Ғ.Мұтановқа аталмыш журналдың «Clarivate Analytics» платформасының «Emerging Sources Citation Index» базасына енгеніне байланысты арнайы сертификат табыстады.

Өз кезегінде ҚазҰУ ректоры ризашылығын білдіре отырып «Clarivate Analytics» әлемдік деңгейдегі беделді компаниялардың бірі, сондықтан дәл осы ұжымның құрамына кіретін халықаралық аналитикалық-ақпараттық Web of Science платформасымен жұмыс жасап келеміз. Аталмыш платформа оқытушылардың ғылыми жұмыстарына талдау жасап библиографикалық ақпараттарға қол жеткізуге үлкен көмекші болуда.»,-деді Ғалым Мұтанов.

«Clarivate Analytics» компаниясының басқарушы директоры «ҚазҰУ-дың ғылыми журналдарын алға жылжытып, халықаралық дәрежеге көтеру бағытында «Publons», «InCites» сынды платформалардағы аналитикалық-ақпараттардың тиімді тұстары өте көп. Атап айтар болсақ платформада 150000-нан астам рецензенттердің пікірі бар, бұл дегеніміз ғылыми жұмыстар мен зерттеулер жасауда уақытты анағұрлым тиімді пайдалануға жол ашады. Болашақта «Publons», «InCites» халықаралық платформалармен бірігіп жұмыс жасайтын болсаңыздар, ғылыми мақалаларды жариялауда тың идеялар мен жетістіктерге қол жеткізуге болады»,-деді Олег Уткин.

ҚазҰУ ректоры Ғалым Мұтанов «Publons» халықаралық аналитикалық-ақпараттық платформасымен болашақта серіктестікке қол қойюға дайын екенін айтты. Сонымен қатар тараптар ғылыми журналдарды дамыту жайындығы басқа да мәселелер туралы талқылады.

«Clarivate Analytics» 4000- ға жуық адам жұмыс жасайтын халықаралық компания. Аталмыш компания, университеттік және академиялық ғылымның жоғары технологияларының тиімділігін арттырумен қатар іргелі және қолданбалы зерттеулерді дамытуға өз үлесін қосатын компания мақсаты-ғалымдарға аналитикалық-ақпараттарды жеделдетіп ұсыну. Айта кету керек, «Clarivate Analytics» компаниясы әлемнің 100-ден астам елдерінде өз қызметін көрсетіп келеді. 

 

Баспасөз қызметі