Қазақ пен түрік арасындағы достық

03.05.2018

Көрулер: 4106

Шығыстану факультеті ТҮРКСОЙ кафедрасында Түркия Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулы Рыза Қаған Йылмаз «Қазақстан мен Түркия арасындағы достық байланыс» тақырыбында елші сағатын өткізді.

Бас консул Рыза Қаған Йылмаз Түркия мен Қазақстан арасындағы достық, ортақ тарихи мәдени байланыстан бастау алатындығын, жаһандану жағдайындағы тәуелсіз Қазақстан мен Түркия Республикасының өзара байланысы және оның болашағына деген сенімінің мол екендігін жеткізді. Сондай-ақ ол қазіргі таңдағы ең басты мәселе екі ел қауіпсіздігін қамтамасыз ете отырып, Қазақстан мен Түркияның достық қарым-қатынастарын одан ары нығайтып дипломатиялық, экономикалық, халықаралық, мәдени ықпалдастықты, ғылым мен білім саласындағы байланыстарды күшейту керектігін атап өтті.

Шара аясында жиналған қауым екі ел арасындағы байланыс жайлы мол мағлұмат алып, өзара сыйластық пен сенімділік ахуалы негізінде бауырлас екі елдің дамып гүлдене беруіне тілектестігін жеткізген консул шараны өткізуге мұрындық болған ҚазҰУ-дың шығыстану факультеті ұжымына үлкен алғысын білдірді.

ТҮРКСОЙ кафедрасы