ҚазҰУ-лықтар спортта да үздік

02.05.2018

Көрулер: 3161

ҚазҰУ-дың «KazNUSquirrels» әйелдер тобы Ұлттық Баскетбол Студенттік лигасы финалында үздік топтардың бірі атанды.

Жарысқа еліміздің Астана, Алматы, Қарағанды, Павлодар, Тараз және басқа да қалаларынан көптеген командалар келіп қатысты. Турнир жанкүйерлер арасында үлкен қызығушылық туғызып, Чемпион атағына барлық команда таласты. Нәтижесінде үздік баскетболшылардан тұратын ҚазҰУ-дың әйелдер баскетбол құрамасы екінші орынды иеленді.

«KazNU Squirrels» әйелдер құрамасын жеңіспен құттықтай отырып, әлі де талай жарыстарда одан да үлкен жетістіктерді бағындыра берсін деп тілейміз!

Менеджмент және маркетинг кафедрасы