ҚазҰУ студенттері үздіктер қатарында

24.04.2018

Көрулер: 4821

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті топ жарды. Кореяның Ұлттық туристік ұйымы ұйымдастырған байқаудың бас жүлдесін қанжығасына байлады.

Жуырда Корей ұйымы Алматы қаласындағы жоғары оқу орындарының студенттері арасында «Біздің Оңтүстік Кореяға тамаша сапарымыздың жоспары» атты байқау жариялаған болатын. Байқаудың негізгі мақсаты – Корей еліне ғажайып саяхатты ұйымдастыру. Осы бағытта студенттер саяхаттың ерекше жоспарын құруға тиіс еді. Тың ұсыныстар мен тосын идеялар сарапқа салынды. Алматы қаласындағы жоғары оқу орындарының студенттері атсалысқан жарыста Қиыр Шығыс кафедрасы Корейтану бөлімінің студенттері Ахан Мира мен Улан Роза суырылып алға шықты. Алғаш рет Корей ұлттық туристік ұйымы ұйымдастырып отырған бұл байқау студенттердің белсенділігін арттырды, әрі алдағы уақытта да жалғасатын болады.

Жалпы, Корей Ұлттық туристік ұйымы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық Университетінің Қиыр шығыс кафедрасының тұрақты серіктесі.

Қиыр шығыс кафедрасы