Еуропалық иммундау апталығы өтіп жатыр

24.04.2018

Көрулер: 2441

23-29 сәуір аралығында Еуропа аймағында Еуропалық иммундау апталығы өтіп жатыр. Бұл шараға ҚазҰУ студенттері де белсене қатысуда.

Иммундау апталығы барлық адамдарды вакцинамен алдын ала жұқпалы аурулардан қорғауға бағытталған. Әлемде 19 миллионнан астам вакцинацияланбаған балалар бар. ДДҰ мәліметі бойынша әрбір оныншы бала ешқашан вакцинацияланбаған және дәрігерлердің көмегіне мүлдем жүгінбеген. Осының салдарынан әлемде көптеген адамдар қатерлі ауруларға душар болады. Осындай келеңсіздікке орын бермеу мақсатында медицина факультетінің студенттері де өз үлестерін қосып, халық арасында вакцинацияның тиімділігі туралы кеңінен насихаттап түсіндіру шараларын өткізді.

Эпидемиология және гигиена кафедрасы