ХХ ғасырдың басынан бастап бүгінгі күнге дейінгі түркі әлемінің саяси, экономикалық және мәдени дамуы

23.04.2018

Көрулер: 3209

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен Ататүрік «Мәдениет, тіл мен тарих» ғылыми-зерттеу орталығы, Алматы қаласындағы 2018 жылдың 24-27 сәуір аралығында «ХХ ғасырдың басынан бастап бүгінгі күнге дейінгі түркі әлемінің саяси, экономикалық және мәдени дамуының» халықаралық симпозиумын өткізеді.

XIX ғасырдың аяғы әлемдік тарихта аса маңызды оқиғалардың орын алған кезеңі болды. 20-шы ғасырдың басы, барлық мемлекеттердің соғыстан кейінгі және соғыс кезеңі, негізінен бүкіл әлем саяси дамуына өзгеріс енгізді, әлемдік дамуды жаңа бағытқа бұрған экономикалық, мәдени өзгерістер мен трансформация орын алды.

Симпозиумның негізгі мақсаты ұлан-ғайыр аймақтағы түркі-мұсылман әлеміндегі тарихи, мәдени, экономикалық, саяси және әскери өзгерістер мен олардың нәтижелерін, олардың әр аймақтарға әсері мен көрінісін жан-жақты талдау болып табылады.

Симпозиум жұмысының бағыттары мен тақырыптары:

19 ғасыр

Түркі әлеміндегі орыс факторы (орыс тілінің таралуы және оның түрік әлеміне әсері)

Түркі әлеміндегі қазіргі заманғы қақтығыстар мен дәстүрлер (білім, қоғам және саясат)

Саяси, экономикалық және мәдени өзгерістердің пайда болуы

 

20 ғасыр

КСРО-ның архитектуралық, урбанистік және экологиялық проблемалары

Осман мемлекетінің және Ресейдің конституциялық қозғалыстарының әсері

Осман империясының құлдырауының әсері

1917 жылғы орыс революциясының ықпалы мен салдарлары

Халықтың қозғалысы, экономикалық өмір, саяси ой мен мәдениет (дін, тіл, алфавит, ...)

1918 және Тәуелсіздік қозғалысы

Әлемдік соғыстың аймаққа әсері

СССР кезеңіндегі аймақтағы жағдай (Кеңестік тәжірибелердің түрік қауымдастықтарына әсері: аштық, репрессия және өнер)

Түркия Республикасының қарым-қатынасы

Кеңестік кезеңнен кейінгі даму

Тәуелсіз мемлекеттер және Конституция

Аймақтық интеграция, ынтымақтастық және ыдырау

Түркістанға қатысты ұлы державалардың саясаты мен қызметі / Халықаралық қатынастар

Түркі мемлекеттері және Түркия Республикасымен қоғамдық-саяси, экономикалық және мәдени қарым-қатынастар

Конференцияның жұмыс тілі: қазақ, түрік, орыс және ағылшын

Конференция жұмысына Түркиядан Ататүрік мәдениет, тіл және тарих жоғары Кеңесінің төрағасы профессор, доктор Дерья Өрс мырза бастаған арнайы делегация, Туркия, Ресей, Әзірбайжанның және көрнекті қазақстандық ғалымдар, алаштанушылар мен мемлекет және қоғам қайраткерлері, ЖОО өкілдері, жас ғалымдар қатысады.

Конференция пленарлық мәжіліс пен панельдік секциялардан тұрады.

 

Ресми ашылуы мен пленарлық мәжілістің басталуы: 24 сәуір 2018ж., сағ. 14.30

Өтетін орны: әл-Фараби Ғылыми кітапханасы (4 қабат)

БАРЛЫҚ БАҚ АҚПАРАТТЫҚ ҚОЛДАУ КӨРСЕТУГЕ ШАҚЫРАМЫЗ.