"Мирас" республикалық кеңесінің мүшелері ҚазҰУ-да

20.04.2018

Көрулер: 3691

 ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты «Нұр Отан» пратиясы жанындағы «Мирас» республикалық қоғамдық кеңесінің төрағасы Бекболат Тілеухан бастаған сарапшылар тобы ҚазҰУ-ға келді.

Аталмыш сарапшылар құрамында Республикалық «Мирас» кеңесінің хатшысы Гүлнәр Нұрахметханова, «Нұр Отан» партиясы фракциясының мүшелері, Ислам Байрамуков, Рахман Алшанов, Қайым-Мұнар Табеев, Хангелді Әбжанов,  Баймұрат Жамбылов болды.

Елбасының бес әлеуметтік бастамасында айтылған «Жоғары білім алудың қолжетімділігі мен сапасын арттырып, студент жастардың жатақханадағы жағдайын жақсарту» атты бөлігінде 2022 жылдың соңына дейін студенттерге арнап кемінде 75 мың орындық жаңа жатақхана салуды тапсырған болатын. Осыған орай кездесу барысында сарапшылар құрамына  болашақта ҚазҰУ-да бой көтеретін 1287 орынға арналған студенттер жатақханасының құрылыс жобасы таныстырылды.

ҚазҰУ ректоры: "Жоспарланған жаңа екі жатақхананың құрылысына орта есеппен 6-7 миллиард теңге қарастырылған, олардың жалпы ауданы 45 500 шаршы метрді құрайтын болады. Жаңа жатақханалардың салынуы  шетелден келіп білім алатын студенттер санын арттыруға да үлкен мүмкіндіктер береді",- деді Ғалым Мұтанов

Сонымен қатар қонақтар ҚазҰУ қалашығының аумағындағы №15 жатақхана мен «Жас ғалымдар үйін" аралап, «Керемет» СҚО-ның жұмыстарымен танысып шықты.

 

 Баспасөз қызметі