«Қазіргі араб лингвистикасындағы өзекті мәселелер және араб тілін оқытудың жаңа инновациялық әдістері»

20.04.2018

Көрулер: 3112

23.04.2018-06.05.2018 ж. уақыт аралығында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Шығыстану факультеті Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасына шетелден шақырылған профессор Мутайр Хусейн әл-Малики Қазақстан ЖОО магистранттары мен докторанттарына және оқытушыларға арнап «Қазіргі араб лингвистикасындағы өзекті мәселелер және араб тілін оқытудың жаңа инновациялық әдістері» тақырыбында 72 сағаттық лекциялар топтамасын жүргізетін болады. Лекцияларға толық қатысқандарға арнайы сертификаттар берілетін болады. Қатысам деушілерге есік ашық.

 

Өтетін орны: Алматы қаласы, Қарасай батыр көшесі, 95 а (А.Байтұрсынұлы көшесінің қиылысы), 426 дәріс залы.

Өтетін уақыты 09.00-12.30 - 14.00-17.30

Байланыс тел.: +7-707-141-14-94, 8727-243-83-54