Кәсіптік биіктерге жетуді үйреткен дәріс

07.04.2018

Көрулер: 2668

ҚазҰУ-да «Жұмыс берушілердің түлектерге қоятын талаптары мен жұмыскер ретіндегі студенттердің міндеттері» атты дәріс өтті.

Дәрісті《枫叶国际级贸易有限公司 («Үйеңкі жапырағы» ЖШҚ) халықаралық сауда компаниясының Қазақстандағы өкілі Жарқын Асан жүргізді. Оның айтуынша, «Қазіргі таңда қытайтану кафедрасының студенттеріне тек қана тіл біліп, аудармашы болу жеткіліксіз, сонымен қатар олар бүгінгі халықаралық нарықтағы үдерістертерден хабардар болуы қажет және осы білімді бизнес жүргізуде қолданғаны жөн.
Мәселен Қытайда сүт өнімдеріне тапшылық орнаған кезде мемлекет басқармасы бұл мәселені ұнтақтандырылған сүттің көмегімен уақытша шешкен болатын. Алайда, көп ұзамай өнімнің сапасыз құрамының кесірінен оларға мәселені шешудің басқа жолдарын іздеуге тура келді. Осылайша, Қазақстанның сүт өнімдері Қытайда үлкен сұранысқа ие бола бастады. Одан басқа, қазіргі таңда Қазақстандағы «жасыл өнімдер де» (экологиялық таза) Қытайдың нарығында жақсы бағаға ие. Сондықтан да қытай тілін біліп қана қоймай, оның экономикалық, нарықтың ахуал-жағдайынан хабардар болған студент креативті жұмыскер ретінде ғана танылып қоймай, өзінің жеке бизнес ашуына да көптеген жолдар ашады», - деді Жарқын Асан.

Дәріс барысында студенттер жұмысқа тұрар кезде бизнес жүргізуге талап етілетін логистика, сараптау, келіссөздер жүргізу секілді қабілеттерге ие болу қажеттігін және тіл білген қоғамдағы бәсекелікті көтеруге мүмкіндік беретінін жете түсінді. Студенттер жұмыс берушілердің дәрістері мен факультетте алынған теориялық білімдерді сабақ барысында тәжірибеде қолданатын болады. Осылайша, қытайтану кафедрасының студенттері тәжірибелі мамандармен танысып, олардан маңызды ақпарат алып қана қоймай, болашақ мансабын жоспарлап, кәсіптік биіктерге жетуді үйренуге мүмкіндік алды.

Шығыстану факультеті