«Сарбаз» әскери-патриоттық ойынына іріктеу басталды

16.04.2018

Көрулер: 3186

Жуырда әскери кафедрада әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры кубогына арналған «Сарбаз» II әскери-патриоттық ойыны басталды.

Патриоттық ойын демеушілері «Сарбаз» республикалық әскери-патриоттық газеті мен ҚазҰУ-дың «Парасат» қызметкерлер кәсіподағы. Ойынның бірінші кезеңінде Алматы қаласының мектеп оқушылары арасында
2018 жылдың 27 сәуірінде ҚазҰУ-дың әскери кафедрасы базасында өтетін патриоттық ойынның финалына қатысатын ең үздік командаларды анықтау үшін іріктеу өткізіледі.  

Патриоттық ойынның негізі әскери қолданбалы кезеңдер мен шығармашылық байқау түрінде ұйымдастырылады. Онда мектеп оқушыларының ҚР Қарулы Күштері мен еліміздің тарихы туралы білім деңгейлері тексеріледі.

Патриоттық ойын барысында әскери кафедра студенттері әртүрлі әскери ұрыс түрлері мен оқу-жаттығу амалдарын көресетеді. Және шара соңы концерттік бағдарламаға ұласатын болады.

Әскери кафедра