ҚазҰУ еліміздің жоғары оқу орындарының ішінде тұңғыш рет QS Stars - «Төрт жұлдыз» артықшылық белгісіне ие болды

06.04.2018

Көрулер: 862

ҚазҰУ еліміздің жоғары оқу орындарының ішінде тұңғыш рет QS Stars - «Төрт жұлдыз» үстемдік белгісіне ие болды.

QS Агенттігінің 2018 жылы жүргізген дербес бағалау қорытындылары бойынша ҚазҰУ «QS Stars Development Road map» халықаралық рейтингісінің «Төрт жұлдыз» үстемдік белгісін Қазақстанда алғаш болып иеленген Орталық Азия аймағындағы тұңғыш университет болды.

0-ден 5 жұлдызға дейінгі QS рейтингісі жоғары оқу орындарының кең ауқымды қызметін белгілейтін және университеттердің жоғары халықаралық стандарттарға сәйкестігін анықтайтын 50-ден астам көрсеткіштерді кешенді талдау нәтижесінде анықталады.

ҚазҰУ-ға QS «Төрт жұлдыз» артықшылық белгісінің тағайындалуы университеттің жоғары халықаралық беделі мен жаһандық ғылыми және білім беру кеңістігінде көшбасшылық орынға ие екендігінің дәлелі. Артықшылық жұлдыздары университеттің мықты тұстарын көрсетеді және серіктестер мен оқуға түсем деушілерге жоғары оқу орнын таңдауға жәрдемдеседі.

Осылайша, ҚазҰУ бірқатар көрсеткіштер бойынша «5 жұлдыз» иеленді, атап айтқанда, білім беру қызметтерін көрсету, интернационизациялану деңгейі, инфрақұрылым және инклюзивті білім беру жүйесін дамыту.

ТМД елдерінде QS-тың төрт жұлдызы тек бес университетке берілгендігін атап өту қажет, олар – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ және Ресейдің төрт университеті.