«COMSATS»

03.04.2018

Көрулер: 4109

Алматыда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Оңтүстікте тұрақты даму үшін ғылым мен технология бойынша комиссиясының («COMSATS») XXI-ші отырысы өтті. Бұл халықаралық үкіметаралық ұйым кеңесінің отырысы Қазақстанда және посткеңестік кеңістікте алғаш рет өткізілуде.

Отырыс жұмысына 30-дан астам белгілі шетелдік сарапшылар, ғалымдар және «COMSATS» мүше елдердің ғылыми-зерттеу орталықтары мен жоғары оқу орындарының басшылары қатысты.

«ҚазҰУ - әлемдегі белгілі университеттердің бірі. Біз ғылымның даму болашағы мен жаңартылған энергия көздері, қоршаған ортаны қорғау және биотехнология салаларындағы бірлескен жұмыс мәселелерін талқылаудамыз. Бұл тұста университеттердің рөлі зор, біз жаһандық мәселелерді шешу мақсатында бас қостық», - деді «COMSATS» атқарушы директоры Сайед Мохаммед Джунаид Заиди.

ҚазҰУ 2015-жылдан бастап аталмыш халықаралық ұйымның ТМД-дағы жалғыз мүшесі болып табылады. «COMSATS»-пен тандем Азия, Африка, Латын және Орталық Американың 25 еліндегі жетекші ғылыми және білім беру орталықтарымен ынтымақтастықтың дамуына ықпал етеді.

«COMSATS»-тың ғылыми орталықтарымен ынтымақтастық оңтүстік мемлекеттердің ғалымдарының ғылыми-технологиялық зерттемелерімен танысып қана қоймай, өз жетістіктеріміз бен зерттемелерімізді таныстыруға, сондай-ақ тұрақты даму мақсатында тәжірибе, білім және технологиялармен алмасуға бірегей мүмкіндік береді», - деп атап өтті ҚазҰУ ректоры академик Ғалым Мұтанов.

ҚазҰУ «COMSATS»-тың Қазақстандағы алдыңғы қатарлы жетістіктер орталығы болып табылады, бұл өз кезегінде университетке бірлескен білім беру және зерттеу жобаларына белсенді түрде қатысуға мүмкіндік береді. Ынтымақтастықтың үш жылы ішінде ҚазҰУ-дың көптеген ғалымдары мен докторанттары ұйымға мүше елдердің жетекші жоғары оқу орындарында табысты білім алып, тағылымдамадан өтті.

Өткен жылы ҚазҰУ негізінде «COMSATS» және Исламдық білім, ғылым және мәдениет ұйымымен (ISESCO) ынтымақтастықта ұйымдастырылған екі маңызды іс-шара болып өтті. Атап айтқанда, «Университеттерде, ғылыми-зерттеу институттарында және шағын бизнес кәсіпорындарында ғылыми және инженерлік техниканы жөндеу және техникалық қызмет көрсету» атты ұлттық семинар және «Интернеттегі қауіпсіздік: ақпарат алмасу кепілдіктерін күшейту» атты VII халықаралық семинар.

 

 

Баспасөз қызметі