Қолжазбалар және сирек кітаптар

12.03.2018

Көрулер: 3564

ҚазҰУ шығыстанушылары сирек кездесетін қолжазба еңбектер мен кітаптарды зерттейтін болады.

Жуырда Астана қаласындағы Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты «Қолжазбалар және сирек кітаптар» ұлттық орталығы директорының орынбасары филос.ғ.д. профессор Әміреқұл Әбуов екі жақты әріптестік орнату мәселелерін талқылау мақсатында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Шығыстану факультетіне арнайы іссапармен келді. Профессор Әбуов факультет деканы және профессорлық құрамымен кездесті. Кездесу барысында қолжазба күйінде жатқан араб графикасымен жазылған қазақ халқының мәдениетіне, тарихына, тіліне қатысты құнды материалдарды жарыққа шығарып, ғылыми айналымға қосуға Шығыстану факультеті Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасының оқытушылары мен факультеттің өзге де білікті мамандарының атсалысуы сөз болды. Болашақта екі жақтың атсалысуымен іске асырылатын ғылыми жобалардың мазмұны талқыланды.

Шығыстану факультеті