Елші сағаты

09.03.2018

Көрулер: 3073

 Халықаралық қатынастар факультетінде Тәжікстан Республикасының бас консулы Назир Баходур мырзамен «Елші сағаты» өтті.

 Шараны «Талейран» халықаралық қатынастар факультетінің дипломатиялық клубы және БҰҰ-ның аймақтық ресурстық орталығы ұйымдастырды.

 «Елші сағаты» халықаралық қатынастар мамандығы бойынша оқитын студенттерге арналған тамаша мүмкіндік, бұл студенттердің қосымша білім алуына және де өз ісінің үздігі атанған дипломаттардың құнды тәжірибесін үйренуге мүмкіндік береді.

«Елші сағаты» аясында бас консул Назир Баходур студенттер мен жас ғалымдарға өзінің дипломатиялық және консулдық қызметіндегі тәжірибелерімен бөлісті. Қатысушылар Тәжікстан туралы көптеген қызықты фактілер мен дипломатияның дәстүрлі және жаңа бағыттарын, соның ішінде «Су дипломатиясы» туралы көптеген мәліметтер алды.

 

 

Халықаралық қатынастар факультеті