Теория – сыныпта, тәжірибе – далада

06.03.2018

Көрулер: 705

ҚазҰУ әскери кафедрасында білім алып жатқан студенттер Құрлық әскерлері Әскери институтының оқу орталығында болып, әскери оқу-әдістемелік сабақтардан өтіп қайтты.

Негізгі мақсат – студенттердің алған теориялық білімдерін бекіту, үйренушілердің тактикалық, атыс және әдістемелік машықтарын арттыру, ұрысты ұйымдастыру мен жүргізу кезіндегі дағдыларын жетілдіру болып табылады.

Сабақ барысында студенттерге БМП ату, БТР және БМП жүргізу кезіндегі жауынгерлік машиналар экипаждарының үйлесімді іс-қимылы, атыс қаруынан және нысананы көздеген граната атқыштардан ату жаттығуларын орындаудың әртүрлі тәсілдері көрсетілді.

Бұдан бөлек, әскери кафедраның және Құрлық әскерлері Әскери институтының оқытушылар құрамы БТР және БМП жауынгерлік машиналарын жүргізу бойынша бірлескен әдістемелік оқу-жаттығуларын және «Жауынгерлік машиналар паркінің негізгі элементтері» тақырыбы бойынша тәжірибелік сыныптар өткізді.

Оқу-жаттығулар нәтижесінде студенттер дала жағдайындағы сабақтарды ұйымдастыру мен өткізуде жақсы тәжірибе жинақтап, әскери саланың күнделікті тыныс-тіршілігімен танысып қайтты.

 Әскери кафедра