Арнайы өкілдер кеңес берді

05.03.2018

Көрулер: 2178

Ресей халықтар достастығы университетінің қонақжайлық бизнес және туризм институтының өкілдері университеттер арасындағы ынтымақтастық және «Шетелдік мамандарды тарту» бағдарламасы бойынша ҚазҰУ студенттеріне арнайы кеңес берді.  

Университеттің арнайы өкілі Глезденёва Ольга 2017 жылы қазан айында бастау алған «Ұлы Жібек Жолы» бренді аясында ТМД кеңістігіндегі мәдени жолды дамыту: достастық елдерінің жоғары оқу орындарының қатысуымен адами капиталдың қалыптасуы» жобасын жалғастырып, оны жетілдіру мақсатында туризмді дамытуға қатысатын мемлекеттік органдармен тығыз байланыс орнату арқылы жобаны іс жүзінде жүзеге асыру үшін практикалық тұрғыдан зерттеуге назар аудару қажеттігін атап өтті.

Сондай-ақ шара барысында арнайы өкілдер Ұлы Жібек жолы бойында орналасқан мемлекеттердің терең тариxы мен болашағын білуге және қазіргі таңдағы маңыздылығын зерттеуде студенттерге қызық болатын болатын айтып, университеттер арасындағы ынтымақтастық бағыттарын талқыға салды.

География және табиғатты пайдалану факультеті