Цифрлы экономика

05.03.2018

Көрулер: 3209

Экономика және бизнес жоғары мектебінің ұйымдастыруымен «Цифрлы экономика – стратегиясы мен жүзеге асыру механизмдері» тақырыбындағы дөңгелек үстел өтті.

Шараға Алматы облысы әкімдігінің мамандары, экономика және бизнес жоғары мектебінің профессор-оқытушылар құрамы мен студенттер қатысты.

Шараны ашқан экономикалық зерттеулер орталығының директоры Саябек Тәттібекұлы жуырда қабылданған «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру бойынша атқарылып жатқан іс-шараларға тоқталып, цифрлы экономиканың негізгі аспектілері бойынша жан-жақты толық мәлімет жасады.

Жиында сала мамандары cоңғы уақытта қалыптасып ке­ле жатқан цифрлық мәдениет пен блок­чейн технологияларының маңыздылығы, цифрлы білім беруде ақпаратты талдау дағдылары, заман талабына сай ауыл шаруашылығын цифрлы технологиялармен қамтамасыз ету, өнімділіктің өсуі үшін өнеркәсіптің базалық салаларын технологиялық қайта жарақтандыру жөнінде шаралар кешенін іске асыру жайын айтты. Сондай-ақ жиында еліміздің цифрлы туристік индустриясын дамыту үшін цифрлық платформаларды құру арқылы елдің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мәселелері талқыға салынды.

Экономика және бизнес жоғары мектебі