ҚазҰУ-ға Сангмен университетінің студенттері келді

05.03.2018

Көрулер: 705

Университеттің стратегиялық дамуы мен сыртқы академиялық ұтқырлықты дамыту мақсатында шығыстану факультетінде қысқы мектеп болып өтті.

Қысқы мектепке Корей еліндегі Сангмен университетінің профессоры Ким Хан Сик және аталған университеттің студенттері арнайы шақыртылды.

Студенттерге Қазақстанның құрамдас бөлігі болып табылатын «Орталық Азияның саясаты, экономикасы мен мәдениеті» жайлы аймақтану курстары ұсынылды. Ким Хан Сик корей тілі және әдебиеті кафедрасының студенттеріне корей елінің тарихы мен мәдениетін таныстырды. Сондай-ақ шара барысында Сангмен университетінің студенттері Қазақстандағы корей диаспорасының өкілдерімен кездесіп, қаланың көрікті жерлеріне экскурсия жасады. Қиыр Шығыс кафедрасы мен Сангмен университетінің студенттерін кездестірген қысқы мектеп аясында студенттер қажетті ақпараттармен алмасып, корейтану мен корей тілін үйренудегі тәжірибелерімен бөлісті.

Шығыстану факультеті