Түркі даласының бас ақыны

01.03.2018

Көрулер: 2636

 Құрметті оқытушылар мен студенттер, магистранттар, доктаранттар Сіздерді наурыздың 2-жұлдызында өтетін түркі халықтарының ақыны, дара тұлға Қайсын Кулиевтің шығармашылығына арналған «Түркі даласының бас  ақыны» атты дөңгелек үстелге қатысуға шақырамыз.

Қайсын Кулиевтің шығармашылығына арналған іс-шараға белгілі қоғам қайраткерлері, түркі әлемінің мұрасын жан-жақты зерттеп жүрген ғалымдар, өмірлері өзгерсе де өлеңдері өзгере қоймаған, ауылдары алыстаса да көңілдері қашықтамаған туыстас елдердің ақындары, зиялы қауым өкілдері қатысады деп жоспарланып отыр.

Өтетін уақыты: 15:00

Ұйымдастырушы: Қыдыр Т.Е., Абелдаев Ж.А., Жүніс Қ.Ә., Ешметова Б.Б.

Өтетін орны: ҚазҰУ Шығыстану факультеті, 503 каб.

Қарасай батыр, 95 (А.Байтұрсынұлы қиылысы).