Жас ғалымдар тағылымдамадан өтті

01.03.2018

Көрулер: 2940

ҚазҰУ-дың магистранттары Әл-Фараби Еуразиялық ғылыми-зерттеу орталығы ұйымдастырған 10 күндік ғылыми-зерттеу тағылымдамаға қатысты.

Тағылымдама барысында магистранттарға теориялық, тәжірибелік дәрістер оқылып, түрік халқының мәдениеті мен әдет-ғұрыптары кеңінен таныстырылды.

Ғылыми-зерттеу орталығы әлемдегі екі жетекші университеттердің Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен Стамбул университетінің арасында жасалған ынтымақтастық шартының негізінде 2016 жылы бой көтерген болатын. Ашылғанына аз уақыт өткеніне қарамастан ғылыми-зерттеу орталығында осы уақытқа дейін ҚазҰУ-дың 34 студенті ғылыми тағылымдамадан өтті.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Стамбул Университетіннің студенттеріне арнап қазақ және орыс тілдерін үйрететін курстар ашты. Екі тараптың студенттері, мен докторанттары қысқа және ұзақ мерзімді семинарларға, түрлі білім беру бағдарламаларға, тіл үйрету курстарына қатысу арқылы өздерінің кәсіби шеберлігін арттыруға үлкен мүмкіндік алады.

Білім саласындағы ынтымақтастығының жемісті жалғасуының нәтижесінде екі университеттің оқытушы-профессорлар құрамы да бірлескен ғылыми жобаларға қатысады. Тағылымдама жас ғалымдардың жақын болашақта ғылыми-зерттеу жұмыстарының сапасының әрі білімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, адам капиталын сондай-ақ қазақ және түрік халықтарының арасындағы мәдени өзара түсіністікті әрі қарай дамытуға өз септігін тигізеді.

Шығыстану факультеті