«Адамдық негізі – әйел»

21.02.2018

Көрулер: 4090

2018 жылдың 22 ақпанында сағат 11.00-де ҚазҰУ-да ЖОО студенттері арасында «Адамдық негізі - әйел» атты тақырыпта «Ай-Ару» рухани танымдық қыздар орталығының І фестивалі өтеді.

Қалалық деңгейде өтетін біліктілік, білім сайысы 3 кезеңнен тұрады:

1-кезең «Мен қазақ қыздарына қайран қалам» еркін тақырыбында жазылған танымдық эсселер;

2-кезең «Алаш жолында күрескерлік танытқан қазақтың аяулы ару қыздары және Алаш Арыстарының арулары»;

3-кезең. Өнер сайысы, командалық жарыс жеке оқу орындары арасында өтеді.

Білім сайысының нәтижесі жалпы командалық есеп арқылы және аталым бойынша шығарылады.

Сайыс жеңімпаздары бірнеше аталым бойынша марапатталады. Фестиваль жұмысына қатысушылар 2018 жылдың 19 ақпанға дейін жіберілген өтінімге сәйкес шақырылады.

Төмендегідей мәліметтер болуы қажет:

  1. Қатысушының аты-жөні
  2. Оқу орны, лауазымы
  3. Факультеті, мамандығы және курсы
  4. Мекенжайы
  5. Телефоны, электронды поштасы

Кездесу кешіне қатысатын жоғары оқу орындар:

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

Қ.И. Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті

Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы

Сүлеймен Демирел университеті

Алматы университеті

Нұр-Мүбарак Египет ислам университеті

Алматы энергетика және байланыс институты

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті, т.б.

Алматы университеті

Мекен-жайымыз: Алматы қаласы, Әл-Фараби даңғылы, 71. Әл-Фараби кітапханасы, 308 зал.

Ұйымдастыру комитеті: Қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасы, «Ай-Ару» орталығы

Байланыс телефондары: 8 702 584 68 43; 8 701 230 52 25