Жас ғалымдар топ жарды

14.02.2018

Көрулер: 1887

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың кітапханасында «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайында жаңа даму мүмкіншіліктері» атты V-мектеп аралық ғылыми-зерттеу конференциясы өтті.

Мемлекет басшысы Н.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында жаңа жаһандық жағдай туралы айта отырып, «қоғамдық сана жаңғырудың негізгі қағидаларын қалыптастыруды ғана емес, сонымен бірге біздің заман сынағына лайықты төтеп беруімізге қажетті нақты жобаларды жүзеге асыруымызды да талап етеді» деп атап өтті. Осы орайда аталмыш конференцияның да мақсаты зерттеу жұмыстарын қолға алып жаһандану дәуіріне қадам басқан мектеп қабарғасындағы оқушыларды шыңдай түсу, жастардың ғылымға деген қызығушылығын арттырып оларға қолдау көрсету.

Конференцияға қатысуға алыс аймақтағы қалалардан да өтініш білдіргендер де бар болып шықты, атап айтар болсақ Орал қаласының Назарбаев зияткерлік мектебі, Кентау қаласының №10 мектептерінен. Ал Алматы қаласы бойынша химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебі, №15, №173, №120, №10, №46, №51 №21, №180, №71, №144, Сонымен қатар әл-Фараби атындағы ҚазҰУ бейіндік мектептерінің жас ғалымдары да қатысты. Байқау биология, химия, география , физика, математика, информатика, филология, құқық және тарих пәндері бойынша өтті.

Болашақ бүгінен басталады, ал болашақ дегеніміз ол жастар, сол жастардың білімді әрі білікті болуы үшін бүгінен бастап ғылым мен білімге баулу кемелді келешектің кепілі екені ақиқат.



                                                                                                                                               Жоғарғы оқу орнына дейінгі білім беру факльтеті.