ЖОО кітапханаларын трансформациялау

16.02.2018

Көрулер: 3545

ҚазҰУ-да ЖОО кітапханалары жұмысының қазіргі кезеңдегі өзекті бағыттарын талқылауға арналған «Жоғары білім беруді жаңғырту аясында ЖОО кітапханаларын трансформациялау» атты II халықаралық конференция өтті.  

Конференцияға республикамыздың 46 жоғары оқу орнынан 100-ден аса кітапхана басшылары мен қызметкерлері, алыс шет елдерден ақпараттық-кітапхана саласының мамандары, белгілі отандық және әлемдік кітап баспаларының, сонымен қатар кітапханаларды электрондық ресурстармен кітапханалық жүйемен және құрал-жабдықпен қамтамасыз етуші компаниялардың өкілдері қатысты.

Конференцияға жиналған сала мамандары қазіргі таңдағы мұрағат және кітапхана ісіндегі заманауи технологиялар мен ақпараттық-кітапханалық қызмет көрсету технологияларын жетілдіру мәселелерін талқыға салды. Олар ЭКЖ – электрондық білім беру ресурстарын қалыптастырудағы жаңа тәсілдерге ерекше мән беріп, ЖОО-ның бәсекеге қабілеттілігін арттыруда мультимедиялық электронды оқулықтардың маңыздылығын алға тартты.

Сонымен қатар мамандар жоғары білім берудегі ЖОО кітапханаларын трансформациялаудың әртүрлі тәжірибелерімен бөлісіп, жиын соңы кітап өнімдерінің жәрмеңкесіне ұласты.

 

Баспасөз қызметі