«БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде Қазақстан қызметінің негізгі аспектілері»

12.02.2018

Көрулер: 2815

Халықаралық қатынастар факультеті Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Алматыдағы өкілдігі, Қазақстан Республикасындағы Біріккен Ұлттар Ұйымының қоғамдық ақпарат департаментімен бірлесіп ұйымдастырған «БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде Қазақстан Республикасының қызметінің негізгі аспектілері» атты халықаралық дөңгелек үстел болып өтті.

Шараға Қазақстан Республикасында аккредиттелген дипломатиялық міндетті атқарушылар мен халықаралық ұйымдар, мемлекеттік құрылымдар, академиялық және сарапшылық қоғамдастық өкілдері мен студенттер, сонымен қатар бұқаралық ақпарат құралдары қатысты.

Шарада Біріккен Ұлттар Ұйымының Алматыдағы қоғамдық ақпарат департаментінің басшысы Властимил Самек Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне төрағалық етуінің маңыздылығына тоқталып, «Академиялық ықпал» БҰҰ бағдарламасының орталығы болып табылатын әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың халықаралық қатынастар факультетінің базасында осындай дөңгелек үстел өткізудің аса маңызды екендігін және қазіргі заманғы халықаралық үрдістердегі жастардың рөлін ерекше атап өтті.

ҚР Сыртқы істер министрлігінің Алматы қаласындағы өкілдігінің басшысы Р.И. Бультриков университеттің басшылығына және профессорлық-оқытушылар құрамына іс-шараны ұйымдастырғаны үшін алғыс айтып, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы ретінде Қазақстан Республикасының қызметінің негізгі бағыттарына тоқталды.

Дөңгелек үстел барысында «Ауған күн тәртібі: сын-қатерлер, тәуекелдер мен мүмкіндіктер, «Орталық Азиядағы достық пен ынтымақтастықты нығайтудың қазақстандық бастамалары, «Қазақстан ядролық қаруды таратпау режимін нығайтудың бастамалары» тақырыптары аясында қатысушылар баяндамалар оқып, қауіпсіздік саласындағы өзге де өзекті мәселелер талқыға салынды.

 

Халықаралық қатынастар факультеті