Студенттердің ақпараттық-кітапханалық сауаттылығы

09.02.2018

Көрулер: 3997

«Рухани жаңғыру» қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасы аясында болашақ ұрпақтың ақпараттық сауаттылығын және мәдениетін қалыптастыру мақсатында әл-Фараби атындағы Кітапханада физика-техникалық факультетінің 1-2 курс студенттері үшін «Студенттердің ақпараттық-кітапханалық сауаттылығы» атты семинар-тренинг өтті.

Негізгі мақсат - студенттің ақпараттық дүниетанымының қалыптасуына жәрдемдесу мен осы дағдыларды игеру болып табылады. Семинар барысында студенттер кітапхана сайтының http://elibrary.kaznu.kz ресурстары және оның мүмкіндіктерімен танысып, ИРБИС электрондық каталогта «іздеудің» негізгі принциптері сонымен қатар EBSCO, «Polpred.com Эпиграф», ЭБС IPRbooks, «Лань» электрондық базаларға тіркелуді және онымен қалай жұмыс істеуді үйренді. Одан басқа кітапхана қызметкерлері студенттерге ашық оқу залында әдебиеттерді іздеу тәртібін көрсетіп, жастар кітаптарды пайдаланудың өзге де қыр-сырымен танысты.