БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде Қазақстан Республикасының қызметінің негізгі аспектілері

07.02.2018

Көрулер: 484

ҚазҰУ-да «БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде Қазақстан Республикасының қызметінің негізгі аспектілері» атты дөңгелек үстел өтті.

Шараны Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Алматыдағы өкілдігі, Қазақстан Республикасындағы Біріккен Ұлттар Ұйымының қоғамдық ақпарат департаменті және ҚазҰУ-дың халықаралық қатынастар факультеті бірлесіп ұйымдастырды.

Дөңгелек үстелге Қазақстан Республикасында аккредиттелген дипломатиялық міндетті атқарушылар мен халықаралық ұйымдардың өкілдері, мемлекеттік құрылым, академиялық және сарапшылық қоғамдастық өкілдері сонымен қатар ЖОО студенттері мен бұқаралық ақпарат құралдары қатысты.

ҚР Сыртқы істер министрлігінің Алматы қаласындағы өкілдігінің басшысы Р.И. Бультриков БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы ретінде Қазақстан Республикасы қызметінің негізгі бағыттарына тоқталды.

Біріккен Ұлттар Ұйымының Алматыдағы қоғамдық ақпарат департаментінің басшысы Властимил Самек өз сөзінде Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне төрағалық етуінің қаншалықты маңызды екенін атап, «Академиялық ықпал» БҰҰ бағдарламасының орталығы болып табылатын Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың халықаралық қатынастар факультетінің базасында осындай дөңгелек үстел өткізудің ерекшелігі мен қазіргі заманғы халықаралық үрдістердегі жастардың рөлін атап өтті.

Дөңгелек үстелде қатысқан өзге де ұйым өкілдері мен сарапшылар БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің 2017-2018 жж. Тұрақты емес мүшесі ретінде Қазақстанның негізігі бастамалары мен қызметіне қатысты мәселелерді қарастырып, Қауіпсіздік Кеңесінің Орталық Азия және Ауғанстан үшін қабылданған құжаттарды да талқыға салды. 

Халықаралық қатынастар факультеті