Студенттер ай тұтылу процесін бақылады

03.02.2018

Көрулер: 921

Физика-техникалық факультетінің студенттері ай тұтылу процесін бақылады.

31-ші қаңтар күні бір мезетте толық ай тұтылуы және айына екі рет болған «Көгілдір ай» құбылысы болды.

«Физика және Астрономия» мамандығының студенттері мен қатты дене физикасы және бейсызық физика кафедрасының оқытушылары: Қаламбай Мухағали, Наурзбаева Айша, Икрамова Салтанат, және Куратов Кеңескендер осы ай тұтылу процесін бақылауға белсене қатысты. Бұған дейін дәл осындай құбылыс 1982 жылы байқалған. Ғалымдар бұл процес енді тек 2037 жылы қайталанады деген болжам айтуда. Ай тұтылу барысын Шығыс Қазақстандықтар мен Алматы тұрғындары бақылай алды. Сондай-ак табиғаттың бұл әдемі құбылысы Украина, Белоруссия, Молдава елдерінде де көрінді. Сонымен қатар оны Солтүстік Американың батыс бөлігі, Канада, Азия, Аляска және Гавай аралдарының тұрғындары бақылай алды. Ал Оңтүстік Америка мен Африка тұрғындары бұл көріністен тыс қалды.