Куратор-эдвайзерлер семинары өтті

11.01.2018

Көрулер: 3251

ҚазҰУ-дың тәрбие департаменті университеттегі факультеттердің куратор-эдвайзерлеріне арналған семинар өткізді.

Жастардың тұлғалық дамуының үйлесімділігін қалыптастыру мен студенттерді азаматтық белсенділікке тәрбиелеуде эдвайзерлердің рөлі аса маңызға ие. Осы тұрғыда куратор-эдвайзерлерлердің негізгі міндеті оқу тобында тәрбие жұмысын ұйымдастыру, өзін-өзі басқаруды қалыптастыру, студенттерді университеттің қоғамдық және шығармашылық өміріне тарту, оқу траекториясын таңдауға ықпал ету және білім алу кезеңі барысында білім алу бағдарламаларын меңгерту болып табылады.

Куратор-эдвайзерлердің қызметін жақсартуға арналған семинарда тәрбие департаментінің директоры Жұлдыз Есімова 2016-2017 жылдары университет куратор-эдвайзерлері тарапынан атқарған жұмыстарға тоқталып, аға кураторлардың функционалды міндеттері, қызметтік рейтингтерін бағалау жүйесі, жастармен тәрбие ісі бойынша өткізілетін әдістемелік материалдардың жасалуы сынды өзге де тақырыптар туралы толық мағлұмат ұсынды.

Баспасөз қызметі