Еуропалық Одақтың жоғары сенімі

28.12.2017

Көрулер: 3997

 Еуропалық Одақтың жоғары сенімі

Қазақстанның инженерлік білім беру Қауымдастығы (KazSEE) Европалық инженерлік білім сапасын қамтамасыз ету жөніндегі жүйесінің толыққанды мүшесі болып, EUR-ACE сапа белгісін беру құқығына ие болды.

Қазақстандық ұйым алғаш рет Европалық қауымдастығының кәсіби-қоғамдық жүйесі тарапынан жоғары мәртебеге ие болды.

Брюссельде (Бельгияда) өткен инженерлік білім беру сапасын қамтамасыз ететін Еуропалық жүйенің Бас Ассамблеясы (ENAEE) мен Әкімшілік Кеңесінің отырысына қатысқан сараптық қауымдастығы KazSEE-дің EUR-ACE аккредитациясының жүргізу тәртібі мен стандарттарына толықтай сай екендігін растады.

Еуропалық одақтың TEMPUS QUEECA жобасын жүзеге асыру барысында KazSEE европалық серіктестерімен бірлесе отырып бірқатар аккредитациялау жұмыстарын жүргізіп, стандарттарды даярлап, сарапшыларды дайындады.

Бүгінде EUR-ACE Label сапа белгісін беру құқы жетекші 15 Еуропалық Аккредиттеу Агенттігінің қолында ғана болса, олардың қатарына KazSEE қосылды. Ендігі кезекте KazSEE-де ЖОО-ның білім беру бағдарламаларының аккредитациялауы сәтті өтетін болса, онда олардың түлектері кәсіби-қоғамдық сертификаттаудан өтіп, Европалық Одақ елдерінде жұмысқа орналаса алатын мүмкіндікке ие болады.

Айта кетерлігі, Қазақстандық инженерлік білім беру Қауымдастығы Худжандтық келесімге қол қою арқылы Орталық-Азиялық инженерлік білім беру федерациясының негізін қалаушылардың бірі болды.