«Қазіргі халықаралық қатынастардағы көші-қон үдерістері: мәселелері мен келешегі»

26.12.2017

Көрулер: 3227

БҰҰ-ның жәрдем орталығы, Әл-Фараби ҚазҰУ, БҰҰ-ның қоғамдық ақпарат департаментімен бірлесе отырып, Халықаралық көші-қон күніне арналған «Қазіргі халықаралық қатынастардағы көші-қон үдерістері: мәселелері мен келешегі» атты дөңгелек үстелін өткізді. Дөңгелек үстелге БҰҰ қоғамдық ақпарат бөлімінің өкілдері Властимил Самек мен Ален Куспанов, Алматы Менеджмент Университетінің профессоры Отарбаева Бахытнур Зейнуллаевна қатысты. Негізгі баяндаманы студенттер Оспанова Инкар, Юрлова Диана жасады.

1990 жылдың 18 желтоқсаныда, БҰҰ Бас Ассамблеясы барлық еңбекші-мигранттардың құқықтары мен олардың отбасы мүшелерінің құқықтарын қорғау жайлы конвенция қабылданды, ал 2000 жылдың 4 желтоқсанында БҰҰ Бас Ассамблеясы мигранттардың халықаралық күнін (International Migrants Day) орнатты және 18 желтоқсанда жыл сайын оны атап өтуге шешім қабылдады (Қарар 55 / 93). Бұл шешім соңғы жылдары бүкіл әлемде көшіп-қонушылардың саны айтарлықтай өсуіне және халықтың тасымалдану мәселелері орасан зор ауқымға ие болуына байланысты қабылданды. БҰҰ Бас Ассамблеясы адам құқықтары мен барлық мигранттардың негізгі бостандықтарын құрметтеу, қамтамасыз ету мақсатында одан әрі шаралар қабылдау қажеттігін атап өтті.

Дөңгелек үстелді өткізу бастамасы жастардың көші-қон мәселесі бойынша қоғамдық пікірталасқа және жалпы халықтың орнықты дамуына және орнықты даму мақсаттарына қол жеткізу контексінде қатысуы маңызды рөл атқаратындығына сенімді. Дөңгелек үстелді өткізу бастамасы  халықаралық қатынастар факультетінің 4 курс студенттерімен көтерілді.