ҚазҰУ студенттері – 2018 жылғы қысқы XXIII Олимпиада ойындарының қатысушылары

15.12.2017

Көрулер: 5523

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Халықаралық қатынастар факультетінің студенттері, конькимен жүгіру спортынан халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері Федор Мезенцев пен Роман Креч төрт Олимпиада лицензиясын жеңіп алып, ең басты төртжылдық жарысқа қатысуға мүмкіндік алды.

Пхенчан-2018 Олимпиада ойындарына жолдамасын алу Канада мен Америкада өткен лицензиялық турнирлер сериясын аяқтайтын Әлем Кубок кезеңінде шешілді.

Жылдың қорытынды бастамасында біздің студент-спортшылар үздік нәтиже көрсетіп, сәтті өнер көрсетті.

Қазақстанның ең үздік қысқа қашықтыққа конькимен жүгіруші спортшысы Роман Креч 500 метр қашықтыққа екі рет – 34.75 секунд бірдей нәтижені көрсетіп, лицензияны жеңіп алды.

Федор Мезенцев үш қашықтықта: 500, 1000 және 1500 метрде конькимен жүгіріп, әрбір қашықтықта өзіндік жеке рекордты орнатты. Әлем Кубогының қорытындысы бойынша Федор бірден үш Олимпиадалық лицензияны жеңіп алды.

Біздің студенттерді сәтті өнер көрсетулерімен құттықтаймыз!