Жеке кәсіпорындарындағы ішкі бақылау жүйесі мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы құндылықтарды қалыптастыру

11.12.2017

Көрулер: 2778

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің әлеуметтік тапсырысы бойынша «Азаматтық бақылау» Қоғамдық қабылдау жобасы аясында «Жеке кәсіпорындарындағы ішкі бақылау жүйесі мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы құндылықтарды қалыптастыру» тақырыбына арналған дөңгелек үстел өткізіледі.

Іс-шараның міндеттері:

- жеке кәсіпорындардағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талқылау мен талдау;

- қызмет көрсету саласындағы сыбайлас жемқорлыққа әсер ететін себептер мен жағдайларды анықтау және оларды жою жолдарын көрсету;

- аталған салада сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл бойынша шараларды арықарай жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу.

Іс-шараның мақсаты: жеке кәсіпорындарындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелі мен ішкі бақылау жүйесі туралы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы құндылықтарды қалыптастыру барысында туындайтын сауалдарға талқылау жүргізу.

Өткізу уақыты және орны: 14 желтоқсан 2017 ж. сағат 11.00-де, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, 3-Бас оқу ғимараты, 309 кабинет.

Ұйымдастырушы: Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Керемет» Жастар ресурстық орталығы.