«Жеке кәсіпорындарындағы ішкі бақылау жүйесі мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы құндылықтарды қалыптастыру»

09.12.2017

Көрулер: 2798

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің әлеуметтік тапсырысы бойынша «Азаматтық бақылау» Қоғамдық қабылдау жобасы аясында «Жеке кәсіпорындарындағы ішкі бақылау жүйесі мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы құндылықтарды қалыптастыру» тақырыбына арналған дөңгелек үстел өткізіледі.

Өткізу уақыты және орны: 14 желтоқсан 2017 ж. сағат 11.00-де, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, 3-Бас оқу ғимараты, 3-қабат, 309 кабинет.

Ұйымдастырушы: Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Керемет» Жастар ресурстық орталығы.

Іс-шараның мақсаты: жеке кәсіпорындарындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелі мен ішкі бақылау жүйесі туралы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы құндылықтарды қалыптастыру барысында туындайтын сауалдарға талқылау жүргізу.

Іс-шараның жұмысына қатысатындар: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы қаласы бойынша Департаментінің басшысы және өкілдері, Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасы мен жеке ұйымдардың басшылары мен өкілдері қатысады.

 

Іс-шараның міндеттері:

- жеке кәсіпорындардағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талқылау мен талдау;

- қызмет көрсету саласындағы сыбайлас жемқорлыққа әсер ететін себептер мен жағдайларды анықтау және оларды жою жолдарын көрсету;

- аталған салада сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл бойынша шараларды арықарай жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу.

Іс-шара - қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде өткізіледі.

Іс-шараға қатысушылар 2017 жылдың 12 желтоқсанға дейін баяндамаларының тақырыбы мен тезистерін мына мекен-жәй бойынша бере алады: 050040, Алматы қаласы, Әл-Фараби даңғылы 71, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, заң факультеті, 3-Бас оқу ғимараты, 3-қабат, 325 каб.; байланыс телефондары: 8 (727) 221-12-55; 87026833709; е-mail: obshestvo.priem@gmail.com.