«ҚАБДОЛОВ ОҚУЛАРЫ»
Көрулер: 2919
Көрнекті ғалым, Халық жазушысы, Қазақстан және Қырғыз Республикаларының ғылымына еңбек сіңірген қайраткері, академик Зейнолла Қабдоловтың 90 жылдығына арналған.
«ҚАБДОЛОВ ОҚУЛАРЫ» Х Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның.
Сізді әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология және әлем тілдері факультетінің қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасы 2017 жылдың 11 желтоқсанда өтетін «Қабдолов оқулары» Х халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысуға шақырады.
Конференция мақсаты белгілі ғалым, жазушы, қоғам қайраткері, академик З.Қ. Қабдоловтың ғылыми және әдеби мұрасын қазіргі заман тұрғысынан терең таныту, отандық әдебиеттануға үлесін мен еліміздің әдеби-мәдени даму үдерісіндегі ролін айқындау болып табылады.
Конференция қонақтары:
Жолдасбеков Мырзатай Жолдасбекұлы – мемлекет және қоғам қайраткері, жазушы, ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор
Оразалин Нұрлан Мырқасымұлы – Қазақстан Жазушылар Одағы басқармасының төрағасы, ақын, драматург
Елубаев Смагұл Абатұлы, Қазақстан «Пен-клубының» вице-президенті, жазушы
Қалижанов Уәлихан Қалижанулы – М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының директоры, ҚР ҰҒА академигі
Орозобекова Жылдыз Калмашевна – Қырғыз Республикасының Ы.Абдырахманов атындағы «Әлемдік фольклор және мәдениет» атты ғылыми-зерттеу орталығының директоры, филология ғылымдарының докторы
Конференция қатысушылары:
Раушанов Есенғали – «Жазушы» баспасының директоры, ақын, Абай атындағы Мемлекеттік сыйлығының иегері
Құлкенов Мереке – жазушы-публицист, Қазақстан еңбек сіңірген қайраткері
Ергобек Кұлбек – Қ.А.Яссауи атындағы Қазақ-түрік халықаралық университет президентінің кеңесшісі, филология ғылымдарының докторы, профессор
Конференция шеңберінде 5 секция жұмыс істейді:
1. З. Қабдолов – ұстаз, ғалым, қоғам қайраткері.
2. Әдебиет теориясы және фольклортану.
3. Қазақ әдебиетінің тарихын зерттеу мәселелері.
4. Әдебиетті оқыту әдістемесі.
Конференциян өткізу орны: Алматы қ., Әл-Фараби даңғ., 71, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлтық университеті, ректорат, 15-қабат, мәжіліс залы.
Конференцияның басталуы: Астана уақытымен 11.00.
Барлық мәселе бойынша мына номерге хабарласыңыздар:
Тел.: +7 (727) 377 33 37 (1221, 1330), немесе мына e-mail: esoltanaeava@mail.ru