АМУ өкілдерімен кездесу

07.12.2017

Көрулер: 3094

ҚазҰУ басшылығы Алтай мемлекеттік университетінің өкілдерімен кездесті.

Халықаралық экономика, менеджмент және ақпараттық жүйелер институтының директоры Степан Межов бастаған делегация құрамы ҚазҰУ тарихымен танысып, кампусты аралады.

Кездесу барысында сөз алған ҚазҰУ-дың ғылыми инновациялық қызмет жөніндегі проректоры Тілекқабыл Рамазанов: «Ресей біздің солтүстіктегі көршіміз ғана емес, Қазақстанның стратегиялық әріптесі және бізде Ресейдің ЖОО тығыз байланыс орнатылған. Қазіргі уақытта, ҚазҰУ мен Ресей жоғары оқу орындарының арасындағы 170-ке жуық ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылған. ҚазҰУ ТМД желілік университеті аясында Ресей халықтар достығы университеттері: Санкт-Петербург мемлекеттік университеті, Новосибирск мемлекеттік университеті, М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті, Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар университеті және Ресейдің бірінші Президенті Б.Н. Ельцин атындағы Орал федералдық университеттерімен бірлесе қосдипломдық білім берудің магистрлік бағдарламасын жүзеге асыруда»,-деді проректор.

Кездесу аясында Алтай мемлекеттік университетінің өкілдері өз университеттері жайлы қысқаша ақпарат беріп, оқытушылар мен студенттердің академиялық ұтқырлығы бойынша ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға үлкен қызығушылық танытты. РФ АМУ қызметінің стратегиялық бағыты «озық даму», «Азия аймағындағы ірі халықаралық ғылыми-білім беру және мәдени орталығына» бағытталған. 1973 жылы құрылған университетте үш ғылыми-зерттеу институттары, ғылыми орталықтар, технопарк, ғылыми-зерттеу секторы бар және 84 мамандық бойынша білім беретін ірі ғылыми кешенге ие. ҚазҰУ мен Алтай мемлекеттік университеттері арасында ынтымақтастық туралы келісімге 2016 қол қойылған.

Кездесу барысында тараптар ғылым, білім саласындағы өзара ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелері талқыға салып, өзара пікір алмасты.

Баспасөз қызметі