«Дивали» мерекесі өтті

05.12.2017

Көрулер: 993

Шығыстану факультетінде «Дивали» үнді фестиваліне арналған концерттік бағдарлама болып өтті.

Қазақстан Республикасы мен Үндістан Республикасы арасындағы достық қатынастарды нығайтуға бағытталған шараға Үнді елшілігінің консулы Мартин Сириас Клеменс, Теңгри банк төрағасы Динеш Кумар Харджал, үнді сауда және өнеркәсіп қауымдастығының төрағасы Тара Чанд Нехра, сондай-ақ ҚазҰУ оқытушылары мен студенттері қатысты.

Үнді халқының дәстүрі мен мәдениетін тануға талпынған жастар хинди тілін жақсы меңгеріп ғана емес, сол тілде мәнерлеп өлеңдер оқу сайысына қатысып, үнді билерін билеп, жиналған қауымға әдемі мереке сыйлады.