Жас ғалымдар байқауы
Көрулер: 5026
Британдық Кеңес (British Council) «Ғылым қоры» АҚ-мен «Шеврон» компаниясының қолдауымен 21-23 жас аралығындағы жас ғалымдардың FameLab халықаралық байқауының форматында ұлттық конкурсын өткізеді. Бұл байқау ғылыми байланыстың ең ірі конкурстарының бірі болып табылады және Еуропа, Азия және Африка елдерінің 20-дан астам елдерде өткізіледі.
Байқаудың мақсаты жарқын және талантты жас ғалымдарды анықтау және ғылыми қарым-қатынас дағдыларын ағылшын тілінде қоғамдық мүдделерімен бөлісуді дамыту болып табылады.
Конкурсқа өтінімдер онлайн режимінде 2017 жылдың 17 желтоқсанына дейін қабылданады.
Толық ақпаратты келесі сайтта ала аласыз https://www.britishcouncil.kz/ru/famelab.
Барлық сұрақтар бойынша British Council қызметкері Жанар Жаксылыкова-ға хабарласыңыз.
Тел.: +7 7172 55 20 77, +7 701 727 99 49
E-mail: Zhanar.zhaxylykova@kz.britishcouncil.org