Елшілік сағаты

06.11.2017

Көрулер: 3037

Қиыр Шығыс кафедрасына Корей Республикасының Алматыдағы Бас консулы Джонг Сеунг Мин мырза бастаған делегация келді. Делегация құрамында консул Ким Хен Мин, консулдық қызмет өкілі Чан Пен Хва, консулдың көмекшісі Тен Елена, сондай-ақ бас консулдықтың интерні Ян Чинья болды.

Арнайы дәріс тақырыбы: «Корея Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасындағы ынтымақтастықты кеңейту жолдары». Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты дамытудың негізгі міндеттері талқыланды. Дәріс студенттер мен оқытушылардың қызығушылығын тудырды. Әртүрлі тілдерде сұрақтар қойылып, докторанттар мен магистранттар сөз таластырып, сұрақтар қойды. ҚазҰУ қабырғасындағы пікірталас платформасы студенттік контингенттің дипломатиялық үнқатысудың жоғары деңгейіндегі пікірталастарға деген сәйкестігін тағы да дәлелдеді. 

Қиыр Шығыс кафедрасы