Өзін-өзі тану: Махаббат пен өнер педагогикасы

06.11.2017

Көрулер: 5484

Әл-фараби атындағы ҚазҰУ әскери кафедрасының оқытушылары Халықаралық педагогикалық форумға қатысты

Алматы қаласында «Өзін-өзі тану: Махаббат пен өнер педагогикасы» атты Халықаралық педагогикалық форум өтті. Форум Ұлттық «Бөбек» орталығының 20-жылдығына арналды.

Осыдан 20 жыл бұрын «Өзін-өзі тану» адамгершілік рухани бағытта білім беру бағдарламасының авторы Сара Алпысқызы Назарбаеваның басшылығымен біздің мемлекетіміздің мектепке дейінгі және мектеп жасындағы жастарын Отанға деген сүйіспеншілікке, рухани адамгершілікке тәрбиелеу құндылықтарын енгізудің және насихаттаудың  негізі ретінде Ұлттық «Бөбек» қоры құрылған болатын.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ әскери кафедрасының Ұлттық «Бөбек» қорымен оқушы және студент жастарды патриоттыққа тәрбиелеу ісіндегі тығыз қарым-қатынасы мен ынтымақтастығын ескере отырып форумға қатысу үшін әскери кафедраның бастығы полковник Ажимов Олег, тәрбие және идеологиялық жұмыстар мен әскери психология оқытушылары шақырылды.  

Форумның салтанатты ашылуында «Өзін-өзі тану» адамгершілік рухани бағытта білім беру бағдарламасының авторы Сара Назарбаева өзінің жүрекжарды тілектерімен сөз алды. Форумның қатысушыларымен сәлемдесуде Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрі Е.К. Сағадиев және Алматы қаласының әкімі Б.К. Байбек сөз сөйледі.

Әскери кафедраның оқытушылары подполковник В.В. Воронин және майор М.А. Атыханова форумның шеңберінде өткізілген жеке тұлғаны рухани адамгершілікке тәрбиелеу жөніндегі шеберлік сабақтарына қатысты.

Форумға қатысу тәжірибесі «Өзін-өзі тану» бағдарламасының элементтерін болашақ Отан қорғаушыларды патриоттыққа тәрбиелеуде, тәрбие және идеологиялық жұмыстарды ұйымдастыру әдістемесінде анағұрлым толы және мақсатқа сәйкес қолдануға жағдай жасайды.

 Военная кафедра