Шағатай тіліндегі мәтіндерді оқу және зерттеу әдістері

20.10.2017

Көрулер: 4234

ҚазҰУ-дың шығыстану факультетінде «Шағатай тіліндегі мәтіндерді оқу және зерттеу әдістері» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік семинар өтуде. Шараны факультеттің Түрксой орталығы, ҚР БҒМ ҒК «Ғылым ордасы» РМК Орталық ғылыми кітапханасы мен Қазақстан Мұсылмандар Діни басқармасына қарасты Имамдардың білімін жетілдіру институты бірлесіп ұйымдастырды.

Аталмыш семинар Қазақстан Республикасы мен Түркия Республикасының арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың орнауына 25 жыл толуына орай және ҚР президенті, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы аясында шағатай тіліндегі қолжазбалар мен сирек басылымдарды оқып-зерттеу мәселелеріне бағытталды.

Шара барысында Мақсұт Шафиғи, Ислам Жеменей және т.б. бірнеше отандық белгілі қолжазба зерттеуші мамандар дәріс беріп, ұзақ жылғы тәжірибелерімен бөлісуде. Сондай-ақ, семинарды өткізуге Жумһуриет университетінің (Түркия, Сиуас) профессоры, қолжазбалар маманы Билал Южел мырза арнайы келді. Профессор ұзақ жылдардан бері хорезем, қыпшақ, шағатай және ескі анадолы, осман тіліндегі қолжазбаларды зерттеумен, сонымен қатар осы салада мақалалармен қатар ғылыми еңбектер жариялаумен айналысып келеді. 

Шығыстану факультеті