Литвалық өкілдермен кездесу

12.10.2017

Көрулер: 4006

ҚазҰУ-дың бірінші проректоры Мұхамбетқали Бүркітбаев Александр Стульгинскис университетінің өкілдерімен кездесті.

Шараға Александр Стульгинскис университетінің проректоры Видмантас Буткус, халықаралық бөлімнің меңгерушісі Минвидас Лиегус, су ресурстары инженерия институтының директоры Авридас Повилаитис және өзге де литвалық ғалымдармен қатар, ҚазҰУ басшылығы қатысты.     

Сөз алған бірінші проректор М.Бүркітбаев: «Эрасмус+ бағдарламасы арқылы біз біраз жылдан бері көптеген Еуропалық Одақ елдермен білім саласында тығыз қарым-қатынас орнатамыз және де сіздермен де болашақта ынтымақтастық орнатуды жетілдіреміз»,-деді.

Кездесу аясында тараптар білім беру бағдарламалары мен ғылыми зерттеулер секторындағы әріптестік мүкіндіктерін кеңейту тақырыбын талқылап, бірлескен ғылыми жобалар, оқытушылар мен зерттеушілердің компетенциясын көтеру жөнінде мәселелерді қарастырды. Сондай-ақ тараптар екі университет арасында биология, биотехнология, экономика, инженерия және басқа да салаларды дамыту жайына тоқталды. Шара соңында делегация құрамы ҚазҰУ ұжымына ерекше алғыс білдіріп, университеттегі ғылыми зерттеу орталықтар жұмысымен танысты.   

Баспасөз қызметі